Текст
Ұйымдар тізімі
30.04.2026
30.04.2026 жылдық жоспарға сәйкес Ақадыр филиалында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Жауапты: Құрметқан Жарқын.
29.04.2026
Зеренді балалар музыка мектебінің оқытушылары облыстық «Кәсіподақ жұлдыздары» байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, мектеп педагогтері Ахметова Галия Маратовна мен Төлешбаева Айгерім Маратқызы байқауда І орын иегерлері атанып, өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін айқын көрсетті. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
22.04.2026
Зеренді аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған «Өнер – халық қазынасы» облыстық халық шығармашылығы байқауында көрсеткен жоғары орындаушылық шеберлігі мен үздік өнері үшін Зеренді балалар музыка мектебінің «Шежіре» халықтық этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» вокалдық тобы, «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі және ұстаздар вокалдық тобы лауреат дипломдарымен марапатталды.
16.04.2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫСЫ. Молдабаева Гульшат Башариновна, Шаймерденова Акерке Буркутовна және Солтанбек Нурбек «Күй күмбірі» республикалық акциясына белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты. Аталған азаматтар күй өнерін насихаттауға, халқымыздың мәдени мұрасын кеңінен танытуға қосқан елеулі еңбектері үшін марапатталып, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысына ие болды. Олардың ел рухын асқақтатуға бағытталған маңызды іс-шараларды ұйымдастырудағы еңбектері жоғары бағаланды.
15.04.2026
✨ Гран-при иелері! Зеренді балалар музыка мектебінің талантты оқытушылары Ахметова Галия Маратовна және Төлешбаева Айгерім Маратқызы «Екі жұлдыз» кәсіподақ байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Гран-при иегері атанды. Сонымен қатар, жеңімпаздар облыстық кезеңнің II турына жолдама алды. Бұл жетістік – ұстаздардың кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі және бірлескен еңбегінің жарқын нәтижесі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
10.04.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің №514 бұйрығына сүйене отырып, «Шабыт» білім беру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған 2025-2026 оқу жылының сәуір айында өткен «Жас музыкаттардың- балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының республикалық фестиваль- конкурсына» «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша Асылхан Арсен және Шакиржанова Аида 1 орын иегерлері атанды. Оқытушы: Бахытбек Альмира.
26.03.2026
Аудандық Наурыз мерекесі аясында Зеренді балалар музыка мектебінің оқытушылары концерттік бағдарламаға белсене қатысты. Мерекелік шара барысында ұстаздар өнер көрсетіп қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға ерекше көңіл бөлді. Атап айтқанда, олар «Ат қою» рәсімінің сахналық көрінісіне қатысып, көрермендерге қазақ халқының көне дәстүрлерінің мәні мен маңызын әсерлі түрде жеткізді. Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
18.03.2026
17. 03.2026 жылы Көкшетау қаласында өткен оқушылар арасындағы « Сөз бен саз» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Жас дәстүрлі әнші» және «Жас күйші» номинациялары бойынша балалар музыка мектебінің оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сәрсенби Айзере және Туханбет Әлішер Республикалық кезеңге жолдама алып алдағы уақытта Ақмола облысының намысын қорғайды. Сәттілік тілейміз!!!
«Жас дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша:
Сәрсенби Айзере - 1 орын,
Туханбет Әлішер - 1 орын,
Азаматұлы Нұртас- 2 орын,
Хапсанатұлы Айсұлтан- 2 орын.
Оқытушы: Құрметқан Жарқын.
«Жас күйші» номинациясы бойынша :
Тұрсынхан Әрсен- 2 орын
Рат...
17.03.2026
Зеренді балалар музыка мектебінің оқушысы Темиржанова Лейла Ғазиза Жұбанова атындағы жас пианистер мен скрипкашылар арасындағы республикалық байқауда 1 дәрежелі диплом иегері атанды. Оқытушысы: Ахметова Галия Маратовна. Жеңіс құтты болсын!
17.03.2026
17.03.2026 Зеренді балалар музыка мектебінің оқушылары техникалық емтихан тапсырды.


30.04.2026 жылдық жоспарға сәйкес...