Текст
Ұйымдар тізімі
04.06.2026
3.06.2026 жазғы алаң аясында Шағалалы филиалында «Ойындар күні» өткізілді. Оқушылар түрлі қимылды ойындар мен эстафеталарға қатысып, белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Жауапты: Қажығалиева Гүлнафис Башаринқызы.
04.06.2026
2.06.2026 Ақадыр ауылы филиалында жазғы алаң барысында «Таланттар күні» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның жауапты жетекшісі – Құрметқан Жарқын. Шара барысында балалар өздерінің түрлі таланттарын көрсетіп, ән айтып, би билеп, өлең оқып, шығармашылық қабілеттерін танытты. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді. «Таланттар күні» балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етті.
01.06.2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік концерт бағдарламасына мектебіміздің дарынды тәрбиеленушілері Улатай Мирас және «Самға» вокалдық тобы қатысты. Ұжымның жетекшісі – Имангалиева Самал Қайыргелдықызы. Жас өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар іс-шара барысында мектебіміздің оқытушылары балалармен жұмыс жүргізіп, «Караоке» станциясын ұйымдастырды. Балалар сүйікті әндерін орындап, би билеп, мерекелік бағдарламаның белсенді қатысушылары болды. Балаларды қорғау күніне арналған мереке барлық қатысушыларға жарқын әсер мен қуанышты көңіл күй сыйлады.
21.05.2026
20–21 мамыр күндері жылдық жоспарға сәйкес Зеренді балалар музыка мектебінде және оның филиалдарында фортепиано, домбыра, қобыз және эстрадалық вокал сыныптары бойынша академиялық емтихандар өткізілді. Емтихан барысында оқушылар өздерінің орындаушылық шеберлік деңгейін, музыкалық дайындықтарын, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
20.05.2026
Астана қаласында өткен оқушылар арасындағы «Сөз бен саз» республикалық шарасының «Жас дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша балалар музыка мектебінің оқушылары Сәрсенби Айзере мен Туханбет Әлішер қатысқандары үшін сертификатпен марапатталды. Оқытушы: Құрметқан Жарқын. Құттықтаймыз!!!
20.05.2026
13–16 мамыр күндері аралығында Астана қаласында өткен Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері білім алушылары – жас музыканттардың Республикалық фестиваль-байқауында «Жеке орындаушы» (фортепиано) номинациясы бойынша Темиржанова Лейла сертификатпен марапатталды. Оқытушы: Ахметова Галия Маратовна. Лейланы және жетекшісін құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз!
08.05.2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Зеренді балалар музыка мектебінде мектеп ұжымындағы ер азаматтарға арналған «Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік кеш барысында ер азаматтарға құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Оқытушылар патриоттық әндер орындап, музыкалық сыйлықтарын тарту етті. Әсем әуендер мен көтеріңкі көңіл күй мерекенің сәнін келтірді. Іс-шара өте қызықты әрі көңілді өтті. Жауаптылар: Ахметова Галия Маратовна және Бахытбек Альмира.
06.05.2026
6.05.2026 жылдық жоспар бойынша Шағалалы филиалында «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Жауапты: Кажыгалиева Г.Б.
30.04.2026
30.04.2026 жылдық жоспарға сәйкес Ақадыр филиалында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Жауапты: Құрметқан Жарқын.
29.04.2026
Зеренді балалар музыка мектебінің оқытушылары облыстық «Кәсіподақ жұлдыздары» байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, мектеп педагогтері Ахметова Галия Маратовна мен Төлешбаева Айгерім Маратқызы байқауда І орын иегерлері атанып, өздерінің жоғары кәсіби шеберліктерін айқын көрсетті. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!


3.06.2026 жазғы алаң аясында Шағалалы...