Текст
Ұйымдар тізімі

15.06.2026
2026 жылғы 12–15 маусым аралығында Бурабай ауылында өткен XXIII International Borovoe Grand Royal Festival халықаралық байқауында (Қазақстан–Германия кубогы жобасы) «Аспаптық жанр. Жеке орындау» номинациясы бойынша Асылхан Арсен Бас жүлдені (GRAND PRIX) жеңіп алды. Оқытушы: Бахытбек Альмира. Шын жүректен құттықтаймыз!
15.06.2026
Қазақстан Республикасының «SILK WAY CREATIVE GAMES» XVII ұлттық жастар дельфий ойындарының аймақтық кезеңінде өнер көрсетіп Шағалалы филиалының эстрадалық вокал сыныбының оқушысы Ашжанова Адель- қола медаль иегері атанды. Оқытушы : Кажыгалиева Гульнафис Башариновна. Құттықтаймыз!
12.06.2026
2026 жылғы 12 маусым күні жазғы алаң жұмысы аясында оқушылар арасында «Көңілді старт» атты спорттық-ойын іс-шарасы өткізілді. Шара барысында балалар түрлі эстафеталық жарыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын, ұйымшылдықтарын және спорттық дайындықтарын көрсетті. Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен жарысып, белсенділік танытты. Іс-шара қызықты әрі тартысты өтті. Жарыс соңында барлық қатысушылар жақсы әсер алып, сергектік пен қуатқа толы болды. Жауапты: Шарипов Каиржан Алькенович.
11.06.2026
2026 жылғы 11 маусым күні жазғы алаң тәрбиеленушілеріне арналған «Домбырашылар күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қызықты ойындарға қатысып, табиғат аясында серуендеді. Балалар көл жағасына барып, таза ауада демалып, табиғат аясында пикник ұйымдастырды. Көңілді әрі пайдалы өткен бұл күн тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жарқын әсер қалдырды. Жауаптылар: Шынжанов Махсат Жанабекович, Орынбасар Нұрбибі Дарханқызы.
11.06.2026
2026 жылғы 10 маусым күні жазғы алаңда таңғы жаттығу өткізілді. Оқушылар «Visit Center»-ге экскурсия жасап, танымдық ақпарат алды. Сонымен қатар, балалар түрлі ойындар ойнап, белсенді уақыт өткізді. «Қобызшылар күні» аясында оқушылар қобыз аспабының тарихымен танысып, оның қазақ мәдениетіндегі маңызы туралы білді. Іс-шара ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Жауаптылар: Қарабекова Акерке Жанатлековна, Төлешбаева Айгерім Маратқызы.
10.06.2026
2026 жылғы 9 маусым күні жазғы алаң жұмысы аясында «Вокалистер күні» атты танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді. Бағдарлама барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, сүйікті әндерін орындады. Балалар музыкалық ойындар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Іс-шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шараның жауаптылары: Бекбаева Жанна Серіковна, Имангалиева Самал Қайыргельдықызы.
09.06.2026
8.06.2026 жазғы алаң жұмысы аясында «Пианистер күні» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру және әлемге танымал композиторлардың шығармаларымен таныстыру. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, фортепианода түрлі музыкалық шығармаларды орындады. Сонымен қатар музыкалық викториналар мен шығармашылық тапсырмаларға белсенді қатысып, өнерге деген сүйіспеншіліктерін танытты. Күн көтеріңкі көңіл күйде өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады. Жауаптылар: Ахметова Г.М., Бахытбек А.
09.06.2026
2026 жылғы 5 маусым күні жазғы алаң жұмысы аясында Ақадыр ауылы филиалында «Спорт күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттық сайыс барысында оқушылар әртүрлі эстафеталық ойындар мен жарыстарға қатысып, өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын көрсетті. Балалар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынастың үлгісін көрсете білді. Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, дене шынықтыру мен спорттың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Жауапты: Солтанбек Нұрбек.
04.06.2026
3.06.2026 жылы балалар музыка мектебінде мемлекеттік емтихандар өтті! Бұл әрбір оқушы үшін маңызды әрі жауапты кезең болды. Емтихан – көп жылғы еңбектің, үздіксіз дайындықтың және шығармашылық дамудың нәтижесі. Оқушылар өздерінің білімдерін, орындаушылық шеберліктерін және музыкаға деген сүйіспеншіліктерін жоғары деңгейде көрсете білді. Біз әрбір түлекпен мақтанамыз және жас музыканттардың жетістігіне үлес қосқан ұстаздар мен ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызды мемлекеттік емтихандарды сәтті тапсыруларыңызбен құттықтаймыз! Музыка әрдайым шабыт беріп, жаңа белестерге жетелеп, үлкен жетістіктерге жол ашсын!
04.06.2026
4.06.2026 жазғы алаң кезеңінде Қанай би ауылы филиалында «Достық күні» іс-шарасы өткізілді. Оқушылар түрлі ойындар мен тапсырмаларға қатысып, достықтың, сыйластықтың және бірліктің маңызын түсінді. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтті. Жауапты: Шаймерденова Акерке Буркутовна.


2026 жылғы 12–15 маусым аралығында...