Балалардың жазғы сауықтыру демалысы аясында есте қаларлық, көңілді де мазмұнды шаралардың бірі – "Әуенді тап" атты Музыка күні болып өтті. Іс-шара барысында балалар музыка әлеміне саяхат жасап, түрлі танымдық ойындарға қатысты. Олар танымал әуендерді естіп, әннің атауын табуға тырысты. Балалар өзара ұйымшылдық танытып, белсенділікпен қатысып, бір-бірімен жағымды эмоциялармен бөлісті.
Балалар Зеренді ауылының «Визит»-орталығына қызықты әрі танымдық экскурсия жасап қайтты. «Визит» орталығында балаларға жануарлар мен құстардың тұлыптары көрсетілді. Балалар табиғаттың алуан түрлілігін көзбен көріп, аң-құстардың тұрмысымен жақынырақ танысты. Әр тұлып – жанды табиғаттың бір бөлшегіндей әсер қалдырды. Бұл көрініс олардың табиғатқа деген қызығушылығын оятып, қоршаған ортаны қорғау маңызын түсінуге септігін тигізді.