"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа села Зеренда  при отделе образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

6.06.2025 жазғы демалыстың шуақты күндерінің бірі балалар үшін ерекше әсерге толы болды. Таңғы шапағатпен оянған балалар сергек те көңілді күйде жаттығу жасап, денелерін шынықтырды. Күннің жалғасында балалар «Көбелектер әлемі» атты тамаша экскурсияға аттанды. Табиғаттың түрлі-түсті керемет жаратылыстары – көбелектермен танысу олар үшін үлкен қызығушылық пен қуаныш сыйлады. Түрлі-түсті қанаттарын еркін жайып, гүлден гүлге қонып жүрген көбелектер балаларды өз сұлулығымен таң қалдырды. Экскурсия барысында балалар тек бақылап қана қоймай, өз қиялдарын да іске қосты. Олар қағаз бетіне сан түрлі түстегі, ерекше формадағы көбелектердің суреттерін салып, өздерінің ішкі сезімдері мен әсерлерін бейнелеуге тырысты. Әрбір бала – өзінше бір суретші, әрбір сурет – өзінше бір әлем! Жауапты:Имангалиева С. К.


Текст