Музыкадағы динамикалық күш ерекшеліктерін көрсететин белгілер.
Сабақтың мақсаты;
Білімділігі;Динамикалық күш ерекшеліктерін айырып шығармада қолдана білу. Тәрбиелігі;Оқушылардың халық
музыка аспаптарына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,қазақ музыка өнерін құрметтеуге,адамгершілікке ,
ұлттық музыканы қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы;Оқушының саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы әуендік сезімталдығын, тыңдау, қыйалдау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі Ашық сабақ.Сабақтың әдісі;а)теориялык б)практикалақ.Сабаққа қажетті көрнектілер;сазды аспаптар
плакаттар . Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру 2.Үй тапсырмасын тексеру.3Жаңа сабақа а)теориялык б)практикалақ 4Сергіту сәті .5 Қортындылау.6
Үй тапсырмасы.7 Бағалау Сабақтың жүрісі 1Ұйымдастыру Журнал бойынша оқушыларды түгендеу, оқу құралын тексеру2. Үй тапсырмасы «кеңес» күйін оқушымен анализ жасап, күйдә соңына дейін ойнату.
Қателермен жұмыс жасау.
3. Жаңа сабақ а) теориялық Динамика (гр;dinamikos-күшейту) – дыбыс күшін азайту немесе арттыру дәрежесі. Шығарманың мазмұны мен табиғи болмысы, орындаушылық ерекшеліктері мен дыбысты күшейту
немесе азайту дәрежесі динамика белгілері арқылы көрсетіледі. Динамикалық белгілер орындау мағнасы білдіретін италиан сөздерінің бас әріппен (кейде арнайы белгілермен де) белгіленеді.
Плакатпен жұмыс жасау. Айтылуы жазылуы мағнасы Форте F – ҚАТТЫ КҮШТІ, Пиано р – Ақырын , жәй. Меццо-форте mf – орташа күшпен.Меццо – пиано –mp- ақырын. Фортиссимо-ff –өте күшті қатты.
Пианиссимо –рр- өте ақырын жәй Крещендо – Бірте –бірте күшейте. Деминуэндо Бірте-бірте жәйлата б) практикалық Жаңадан шығарылған Дәулеткерей «Қос алқа» күйін талдап, динамикалық белгілерді қолданып көреміз. Күй 4/4 өлшемінде жазылған, Екпіні- Жүрдек. Күйдің 1-цифрға дейінгі 4 тактісін пайдалана отырып f ,p, Белгілерін түсіндіру аспапта ойнату керек. Аспапта динамикалық белгілерді қолдануды оқушы түсінгенде күйді ары қарай динамикалық белгілерін қолдана отырып ойнау керек. 4 Қорытындылау. Динамикалық белгілер туралы балалардан
қысқаша сұрап, сабақ қорытындылауға көшемін. 5. Үйге тапсырма Тақырыпты оқу. Динамикалық белгілерді жаттау.
«кеңес» күйін динамикалық белгілерін сақтай отырып ойнап келу. «Қос алқа» күйін нота бойынша ойнау. Бағалау.