"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа села Зеренда  при отделе образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз "Халықаралық әйелдер" мерекесі

13.03.2018

                       «Сыйынар ем Ана деген тәңірге!»

( 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара)

Жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаз-аналар,арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8- Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашанда сөнбек емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес, қадыр тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!

Құрметті біздің мектептің ұстаз-аналары, қыздары! 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар

– дей келе құттықтау сөз кезегі Мектебіміздің ардагер ұстазы Серікбаев Талапбек Даниярұлына беріледі.

 Әйел – Ана, Әйел – Өмір, Әйел – тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдырет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана атанармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздырымыздың құрметіне «Ана мен сәби» әні Шынжанов Махсаттың орындауында қабыл алыңыздар.

«Отбасы шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні тұзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлеттің құт берекесі. Әйел – ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» алдарыңызда музыка мектебінің жігіттері.

 

Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ана- барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында

емес пе?!

Хор: «Анаға сәлем»

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Мерекелік кешімізді көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сөз кезегі мектебіміздің директоры; Молдабаева Гульшат Башаринқызында.

Просмотров: 266


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст