Начало формы
Әрбір адамның жүрек түкпірінде бір сиқыр бар секілді. Бұл ғажайып сырғатолы сандықта неше түрлі армандар, мақсаттар бар десеңші! Ал сандықтың ең түбінде кейде жарық жұлдыздайалға шығатын бір құдірет күші бар. Оләрине –өнер. Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір
дарын,талант.Бірақ өнер ол тек қана белгілі бір аспапты игере білумен шектелмейді, өнер – жан- жақты болады.Осы мақалада арқау етіп отырған ұлағатты ұстаз,Зеренді балалар музыка мектебінің Шағалалы филиалында ұзақ жылдар қызмет етіп келе жатқан домбыра сыныбының оқытушысы Серікбаев Талапбек Даниярұлы жан-жақты өнер иесі десем қате айтпаған болар едім. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»- дейді халық даналығы.Өзінің салмақты да,сабырлы мінезімен Талапбек Даниярұлы Зеренді балалар музыка мектебінің Шағалалы филиалында 14 жылдан астам домбыра сыныбынан дәріс беріп келеді.Егер Талапбек ағайдың өмірбаянына көз жүгіртсек, 1952 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келеді.1969 жылы Шымкент педагогикалық мәдениет институтына оқуға түсіп,1973 жылы осы институттың мәдени ағарту,әуез және ән факультетін тәмамдап,жоғары дәрежелі әуез және ән сабағының оқытушысы деген біліктілік алады.Еңбек жолын 1973-77 жылдары Қармақшы аудандық балалар музыка мектебінде оқытушы болудан бастап, мәдениет бөлімінің меңгерушісі, бала-бақшада музыка жетекшісі, аудандық мәдениет уйінің директоры қызметі сияқты яғни әртүрлі өнер саласында қызмет етеді.Осы еңбектерін бағалап 2001 жылы ҚР ПрезидентініңАлғыс хатымен марапатталады. 2003 жылы отбасының жағдайымен Көкшетау облысының Шағалалы елді мекеніне көшіп келеді.Міне содан бері Талапбек ағай музыка мектебінде оқушыларды өнерге баулып, аянбай еңбек етіп келеді.Талапбек Даниярұлының алдынан талай өнерлі оқушылар бітірді.Атап айтсақ Серік Қадиша,Тологон Шыңғысхан Көкшетау Біржан-сал атындағы музыка колледжін тәмамдаса, Меңілбай Ерболат Жанайдар Мусин атындағы педагогика колледжінің музыка бөлімінде білім алуда.Талапбек Даниярұлы музыка мектебінің жас ұстаздарына үлгі ретінде шеберлік сынып, ашық сабақтар көрсетіп, өз әдіс-тәсілдерімен бөлісіп тұрады.Сол сияқты Талапбек Даниярұлы оқушылардан құрылған ансамбльге жетекшілік етеді.Ансамбльдегі әр аспаптың үйлесімділігін, аккордтардың дұрыс құрылуын, аспаптарда жұмсақ ойнауды,шығарманың әдемі естілуін міне осының барлығын Талапбек Даниярұлы қатты талап етеді.Бірде күйсандықта ойнап,бірде бас домбыраны алып, бірде домбырада
аккордтар құрып,енді бірде дауылпаздың ырғағын келтіріп,бірде сырнай аспабының үніне әдемі вариация қосып міне осы аспаптардың үндестігін әрдайым құбылтып,бір арнаға келтіріп,жандандырып отыратын –ол әрине біздің Талапбек Даниярұлы. Ансамбль,оркестр алдына шығып дирижерлық жасағанда әрбір қимылы,әрбір көрсеткен дүниесі оркестр мүшелерін жандандырып,қанат бітіретіндей көрінеді.Талапбек Даниярұлы 2015-2016 оқу жылынан бастап кезекті зейнеттікке шықса да қазіргі таңда ұстаздық жолын жалғастыруда.Талапбек Даниярұлы аудандық және облыстық білім басқармасының грамоталарымен сан мәрте марапатталды. Өнерлі адам- өрге жүзеді, - демекші,осындай өнер иесі өнердің құдіреті арқылыәрқашанда биік шыңдарды бағындыратынына еш күмән жоқ.
Конец формы