Текст
1 маусым-Балаларды қорғау күні! Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жалпы алғанда, бөбектерге қамқорлық көрсету, олардың құқықтарын қорғау тек белгіленген бір күн емес, әрқашан да үлкендердің назарында. Біздің балалар музыка мектебіне караокимен ән айту бағдарламасы берілді. Барлық оқытушылар өз үлестерін қосты. Орталықта балалар өте көп болды. Әр бір ән айтқан балаға сыйлықтар таратылды.