Текст
Зеренді балалар музыка мектебінің оқушылары2016 жылдың 02-05 маусым аралығында Алматы қаласында өткен Республикалық "Күншуақ" фестиваль-байқауынан кезекті рет жеңіспен оралды. Бұл жолы алғашқы рет мектебіміздің домбырашылары сайысқа түсіп жүлделі орындарға ие болды. Қызылсая филиалының оқушысы Таупық Меруерт (оқытушысы Шамгунова Айслу Жауарқызы), Қабдушев Али № 1 Зеренді орта мектебі оқушысы (Шарипов Каиржан Алькенович) 2 орын алса, Зеренді Қазақ мектеп интернатының оқушысы Авдрахман Нұрдаулет (Қасымова Айзат Сандыбайқызы) 3 орынды жүлделенді. Пухальск орта мектебінің оқушысы Абылкасов Досбол "Вокал" номинациясы бойынша 3 орынға ие болды. Жүлдегерлерімізді алғашқы жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.