"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Зеренді ауылының балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детская музыкальная школа села Зеренда  при отделе образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ: "Ырғақпен жұмыс жасау әдістері"

15.01.2018

 Ақмола облысы Зеренді ауданы МКҚК «Зеренді балалар музыка мектебі»

Домбыра сыныбының I санаттағы оқытушысы Махамбетова Анар Туяковна

                                                  Ашық сабақ жоспары

«Ырғақпен жұмыс жасау әдістері»

Мақсаты:

1. Музыкалық-ырғақтық үлгілер жүйесі арқылы оқушының музыкалық ырғақ сезімінің дамуын қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділігі:

1.Музыкалық қабілеттерін арттыру.

2.Ырғақтық көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындау

3. Дамытушылығы:

1.Оқушылардың музыкаға деген көзқарастарын дамыту,жетілдіру.

2.Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелігі:

1.Ұлттық өнердің мазмұны мен мәнін түсіндіре отырып,жас ұрпақты мәдени,рухани байлықтарын арттыру арқылы тәрбиелеу

2.Музыкалық қызығушылығын ояту,бағыт,бағдар беру.

 Сабақтың түрі:  тәжірибелік

Әдістері:

1.Сөздік

2.Көрнекілік

3.Тәжірибелік

Жүзеге асыру технологиясы:

1.Дамытып,деңгейлеп оқыту

2.Көркемдік-эстетикалық

3.Компьютерлік-ақпарат

                                Сабақ жоспары:

  1. Сабақтың басталуы:

     -ұйымдастыру кезеңі;

     -қолды жаттықтыру жаттығулары:

     -үй тапсырмасын тексеру.

2.Негізгі кезең:

       -теориялық бөлім: негізгі тақырыпты түсіндіру;

       -тәжірибелік бөлім: шығармамен жұмыс, «Арынғазы» күйін талдау.

3.Қорытынды:

       -рефлексия;

       -бағалау;

       -үй тапсырмасы.

                                    Сабақ барысы:

1.Амандасу.Жұмысқа назар аудару.Аспаптың құлақ бұрауын келтіру.

2.Саусақтарды жүгірту:

 -оң қолға арналған жаттығулар;

-сол қолға арналған жаттығулар;

  Үй тапсырмасын тексеру: 1.Гаммалар Соль мажор,Ми минор

                                            2.«Менуэт» И.С.Бах

Жаңа тақырып: «Ырғақпен жұмыс жасау әдістері»

Кіріспе:

«Музыкадағы ырғақ-өмірді айғақтайтын (пульсация) тамыр соғысы» -А.Г.Рубинштейн

 «Екпін мен ырғақ сезіне алған қандай бахыт. Оның дамуына жасынан жағдай жасау маңызды» -К.С.Станиславский.

  Ырғақ дегеніміз не? Қалай түсінеміз?

Біздің маңайымызды айнала қоршаған әртүрлі дыбыстар: құстардың дауыстары,желдің үні,машиналардың жүргені т.б,яғни  адам өмірі барша қоршаған әлеммен тығыз байланысты.Әрбір адам өзінің ерекше ырғағында өмір сүреді. Әр адам өз жүрегінің лүпілін естиді. Біз бүгін ырғақ туралы айтамыз, сезінеміз, ойнаймыз, тәжірибеде қолданамыз.Кез-келген музыка негізінде ырғақ жатыр.Ырғақ музыкалық шығармада ең керекті элемент және

ол  музыкалық ( пульсация) тамыр соғысы болып саналады.Дыбыс ұзақтықтары ырғақтық топ (фигура) құрайды, одан барып музыканың  жалпы музыкалық суреті пайда болады.Музыка әлемінде музыкалық ырғақтар көп: мысалы жай-қарапайым, күрделі, синкопалық және пунктирлі,ырғақтардың ерекше түрлері: дуоль, триоль, квартоль, квинтоль, секстоль, септоль.

Синкопа –гр synкope- қысқартылған такт ішіндегі әлді үлестің әлсіз үлеске ауысып кетуіне байланысты туатын ырғақ.  

Пунктирлі ырғақ- тактідегі ұзартылған әлді үлес пен қысқартылған әлсіз үлестің кезектесіп келуіне негізделген ырғақты –пунктирлі ырғақ деп атайды.Бұл ырғақ көбінесе марш пен өр, салтанатты характердегі ән-күйлерде кездеседі .

Ырғақ, ритм (грек. rhythmys– үйлесімділік, ) – музыкалық дыбыстардыңзандылық өлшемде алмасуы. Ырғақ - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық қүрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы

метр өлшемін түзейді.

 

Әбілғазыұлы Арынғазы

Ә.Арынғазы (1785-1833)-аласапыран заманда өмір сүріп,елдің тұтастығы,жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері,көреген саясаткер,төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Ресей тарихшылары Арынғазыны бір ауыздан: «қазақ сұлтандарының ішіндегі халқын шын сүйген жалғыз,ары кіршіксіз таза адам» деп бағалаған.Алайда Арынғазының ел ішіндегі беделі мен ұстанған бағыты Ресей өкіметіне секем алдырады.Орынбордың әскери губернаторы генерел-лейтенант. Арынғазының ерекше жаралған болмыс бітіміндей болып,оның сұлулық пен азаттыққа інкәр асқақ  рухындай болып артында «Арғынғазы» күйі қалды.Ол күй аманат-өсиетіндей болып қазақ халқымен мәңгі бірге.

Қорытындылау:

Кез –келген шығарманың

ырғағын сезініп ойнай білу.

Бағалау:      Үй тапсырмасы:

1.Жаңа шығарманы ырғағымен, санап ойнап келу.

Просмотров: 502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст