Тақырыбы:
«Тәуелсіздік Мәңгілік ел».
Мақсаты:
Отанды
сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке,
жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын
жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік:
мақалдар слайдтар, желтоқсан құрбандары.
Сабақтың
түрі:
телекөпір.
Сабақтың
барысы:
Кіріспе
сөз.
Еліміздің тәуелсіздігіне
биыл 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық
технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа
технологиялардың көмегімен
бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз.
«Өткен шақпен»
байланысқанша, «Тәуелсіздік толғауларын» тыңдайық. Оқушылар жатқа өлеңдер оқиды.
Оқушы: Баймутов Адиль
Ұжданымды ұлтан етпек
табанға,
Қарғыс айтып қан соқталы
зауалға.
Айналып жүр қазақтың кең
аспанын,
Ұлы ерліктің сыймас жыры
қағазға.
Ей, намыстың найзағайдай ұлдары,
Қызыл тілін қылыш еткен
қыздары!
Қанды тарих қалшиып тұр
мәңгіге,
Жанарында - Желтоқсанның
ызғары.
Оқушы: Сапарбек Абай
Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз,
жалынды от,
Ел боп келдік, қалып
қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін
жаһаннан,
Бейімделдім заманыма
жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды
үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол
атамнан.
Оқушы: Хамитов Эльнар
О, тәңірім танып білмей бізді жұрт,
Әр түрлі атпен өздерінше атаған.
Скифтер деп Геродот бізге ат берді,
Ал парсылар – өз тілінше Сақ деді.
Иә, рас, бізді бар жұрт Сақ деді,
Бұл жалған ат ұлтымызға жат еді.
Шеттегі жұрт не десе де шындығы,
Бар қазақтың қазақ болар нақ тегі.
Оқушы: Сайдалина Саяжанна
Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.
«Өткен шақпен» байланыс.
1. Еліміздің Тәуелсіздік күні
мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол
жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен
жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы
арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.
2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп
болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан
кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл
сенді.
3. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы
Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай
босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін
білген жоқ.
4. 1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп
«Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады,
Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды.
5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе
жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет,
Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген
ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.
6. 1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік
Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б.
7. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан
Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең
жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік
үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына
қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,
Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар.
8. Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен
күн. Жанына тапай бір шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп елдің
еңсесін, Жаншыды-ау жанын батпан күш. Енді қайтіп келмесін, Сол бір қарғыс
атқан күн!
9. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін
ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан
шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған
кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің
елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар
психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын
асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін
беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі,
елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы
онжылдықтың жемістері.