Текст
Зеренді ауданының мәдениет үйінде «Балалар музыка мектебіне 20 жыл» атты шығармашылық есеп беру концерті өтті. Аталған концертке балалар музыка мектебінің ұстаздары мен оқушылары және түлектері өнер көрсетті. Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы , Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының меңгерушісі Турабаева Жулдус Кушеровна, аудан әкімінің орынбасары Есімхан Мәулетжанұлы, ауданның білім бөлімінің басшысы Динара Шаймерденқызы, облыстық халық шығармашылық орталығының директорының міндет атқарушысы Асхат Батырханұлы қатысты. Концерттің соңында ізгі тілектер айтылып, сыйлықтар табысталды.