Текст
" />
Ұйымдар тізімі
24.11.2022
22 қараша күні Зеренді аудандық мәдениет үйінде балалар жылына арналған "Балауса балғын таланттар!"атты «Ақмола жұлдыздары» халық шығармашылық байқауының концерті өтті. Концерттік бағдарламасына балалар музыка мектебінің оқытушылары мен оқушылары қатысты:
"Шежіре" халықтық, фольклорлық- этнографиялық ансамблі, жетекшісі: Молдабаева Г.Б.
"Қорқыт" сазы қобызшылар ансамблі, жетекшісі: Карабекова А.Ж.
"Сарыарқа" домбырашылар ансамблі, жетекшісі: Озатбекұлы Е.
"Жас қыран" триосы , жетекшісі: Имангалиева С.К.
"Шабыт" этно- фольклорлық домбырашылар ансамблі, жетекшісі:Оразалы А.Ғ.
"Жұлдыздар" вокалдық тобы, жетекшісі: Бекенова А.С.
Концерт жоғары деңгейде өтті, лауреаттарды құттықтай отырып, облыстық деңгейде жеңіс тілейміз.

