1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар
Начало формыКонец формыНачало формыКонец формыНачало формы
2-вед: Добрый день, уважаемые учителя! От всей души поздравляем Вас с профессиональным праздником- Днем учителя.
Ведущий 2: Дорогие наши педагоги!
В этот праздник - День учителей -
Позабудьте все свои тревоги
И на мир смотрите веселей.
Ведь сегодня день для вас счастливый,
И ребята все, как сговорясь,
Вам несут букет большой, красивый,
И для них сиянье ваших глаз -
Лучшая награда за старанье,
Лучше, чем любая из похвал.
И у них всегда одно желанье:
Угодить, доставить радость вам
2-жүргізуші:Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.
1- жүргізуші:Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Молдабаева Гульшат Башаринқызына беріледі.
2-вед:Слово для поздравления предоставляется – директору школы Молдабаевой Гульшат Башариновне.
музыка…Ұстазым менің, ұстазым…(Раздать слова с номерами 17)
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.
2-жүргізуші:
Ендеше сахнада ән, орындайтын Мақсат Шынжанов «Ана».
Тұла бойың тұнған сабыр, кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
1-жүргізуші: Құрманғазы,Тәттімбет
Домбырамен сайраған.
Жүректе от жансын деп,
Елге күйін арнаған.
Алькенов Қайыржанның орындауында күй Құрманғазы «Адай».
2-жүргізуші:
Ведущий: Пусть в жизни меньше праздников, чем будней,
Но тот, кто стал учителем, поймет:
Какое счастье быть полезным людям,
Учить Его Величество Народ!
Нести Ему дар мудрости и знанья,
И доброты своей сердечный свет.
Нет на земле ответственней призванья
Почётнее и радостнее нет.
1-жүргізуші:
Зауытта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің -
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзің арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
Жүргізуші: Самал, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
- Жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
1-Жүргізуші:
-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1 Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?
(3 кг)
2 Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе?
(Есіміміз)
3 Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
4 Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын
шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды
екен)
5 Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
6 Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
7 Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
8 Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
9 Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты
ашуланады?
(Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп
қойған кезде)
10 Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
11 Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
12 Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің
үстінде ит болмайды.))
13 Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
14 Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
15. Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте)
16 Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін
сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып,
таусылып жоқ болады
Үйдің ең суық жері?
(Сырты)
17 Электровоздың түтіні батысқа қарай
созылып жатса, өзі қай бағытқа қарай
жүріп жатыр?
(Электровоздың түтіні болмайды)
1-Жүргізуші:
Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
2-жүргізуші:Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!!!
1-жүргізуші:Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!
Начало формы
Ведущий1: На этой доброй и веселой ноте, когда Ваши сердца наполнились нежными и искренними словами в адрес друг друга, мы завершаем наш праздничный концерт. Желаем вам терпения и здоровья, удачи и мудрости! С праздником уважаемые педагоги!