Текст
Мереке қарсаңында "Мерейлі отбасы" жалпы ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.Асен Дулатович байқау жеңімпаздары-Түлкібаевтар және Оспановтар дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Тулькубаевтар отбасы Зерендіде тұрады. Марат Зенулович пен Жанна Ермекқызы алты бала тәрбиелеп отыр.Жанна Ермекқызы-Зеренді №2 орта мектебінің педагогы,Балалар музыка мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі,белсенді волонтер және жақында ғана "Birgemiz Life" облыстық байқауының жеңімпазы атанған "Мейірім Зеренді"қайырымдылық қорының негізін қалаушы.