Текст
📚 27.08.2025 ж. Зеренді ауданында «Білім келешегі: Адал Азамат, кәсіби маман» атты тамыз педагогикалық конференциясы өтті.
Бұл маңызды жиында білімнің болашағы талқыланып, тәжірибе мен идеялар алмасылды.
✨ Іс-шараның ерекше сәті – ұстаздарды еңбегі мен адалдығы үшін марапаттау болды.
🎶 Балалар музыка мектебінің оқушылары мен ұстаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көрермендерге әсем өнер сыйлады.
Мұндай шаралар мұғалім мамандығының тек білім ғана емес, сонымен бірге жүрек жылуы, сүйіспеншілік пен адалдықты қажет ететінін тағы бір мәрте дәлелдейді.