Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2021 жылдың 20-21 мамыр күндері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Ұлы дала сарыны» әдеби фольклор және ұлттық аспаптар облыстық байқауы өткізілді. Байқауға 11 аудан (Зеренді, Аршалы, Қорғалжын, Есіл, Атбасар, Астрахан, Жақсы, Жарқайың, Ақкөл, Целиноград, Ерейментау) мен 3 қаладан (Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Степногорск) барлығы 64 қатысушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Облыстық байқау келесі жас санаттары бойынша
1) 1 жастағылар тобы – 9-13жас;
2) 2 жастағылар тобы – 14-18 жас.
4 номинацияға бөлінді:
1. Халық әнін домбырамен айту (жеке орындау)
2. Домбырада жеке ойнау
3. Домбырашылар ансамблі
4. Мәнерлеп оқу (3-5 минут)
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар тізімі келесі ретпен орналасты:
Халық әнін домбырамен айту (жеке орындау) номинациясы бойынша 1 жастағылар тобы:
2 орын – Кажгалиева Нурай, Көкшетау қаласы, МКҚК «Балалар музыка мектебі».
Домбырада жеке ойнау номинациясы бойынша 1 жастағылар тобы:
1 орын – Ержан Расул, Зеренді ауданы, «Балалар музыка мектебі»;
2 орын – Солтанбек Арайлым, Зеренді ауданы, «Балалар музыка мектебі»;
3 орын – Башарова Дария, Аршалы ауданы, «Балалар музыка мектебі»
Домбырада жеке ойнау номинациясы бойынша 2 жастағылар тобы:
1 орын – Кадырова Анель, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылының мектеп-балабақшасы;
2 орын – Жанатқан Тамерлан, Көкшетау қаласы, «Балалар музыка мектебі»;
2 орын – Иденов Ибрагим, Атбасар ауданы, «Балалар музыкалық мектебі»;
3 орын – Бақыт Қазбек, Жарқайың ауданы, Тасты-талды ауылының балалар музыка мектебі.
Домбырашылар ансамблі номинациясы бойынша:
1 орын – «Үкілі домбыра» ансамблі, Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖО;
2 орын – «Домбыра дастан» ансамблі, Жарқайың ауданы, Балалар музыкалық мектебі;
3 орын – «Балажүрек» ансамблі, Көкшетау қаласы, Балалар музыкалық мектебі.