Ақмола
облысы
Зеренді ауданы
МКҚК
«Зеренді балалар музыка мектебі»
Қобыз
сыныбының мұғалімі
Кабылова Агерке Жанатлековна
Ашық сабақ
Тақырыбы «Динамикалық белгілер
және ырғақпен жұмыс»
2015-2016
оқу жылы
Өтетін
күні: 11.11 .2015 ж.
Сағат: 15:40-та
Оқушы: Дюсембина Анэль 5 сынып
Тақырып: «Динамикалық
белгілер және ырғақпен жұмыс»
Сабақтың мақсаты: Музыкалық
шығарманы ойнаған кезде динамикалық белгілерді орынды пайдалана отырып, нотаны
бірден оқып ойнау қасиетін, ырғақты ойнау техникасын дамыту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, үйрету, сұрақ – жауап.
Тәрбиелік: Музыканы сүюге, өнерді құрметтеуге
тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойнау техникасын дамыту.
Сабақтың міндеті: Ысқышты дұрыс
жүргізіп, бір-бірімен байланыстыра бір қалыпты
дыбыс шығару. Таза дыбысты дәл табуға дағдыландырып дыбыс тазалығын
мұқият бақылап отыру.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,нота
парағы,қобыз, фортепиано, оқулықтар, пульт.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
О. Ридинг
Концерт си минор 1,2,3 часть
А. Комаровский
Концерт соль мажор
1.
Орындаған
шығарманың аты қандай?
2.
Шығарманың
ырғағы қалай орындалады?
3.
Шығарманың
композиторы кім?
III. Жаңа сабақ.
«Динамикалық белгілер және ырғақпен жұмыс»
Шығарманың динамикалық белгілерінің сақталуы мен штрихтарына көп көңіл
бөлеміз. Дыбыстың динамикалық өзгеріс кезінде дыбыстың біркелкі таза шығуын
сақтай отырып, олардың үндестігі мен ырғақтық үйлесімділіктерін қадағалау
керек.
Музыкалық
терминдерге түсініктеме беру.
Динамика- гректің dunamis- күш деген
сөзінен шыққан. Музыкалық шығарманың мазмұны, сипаты, табиғаты дыбысты күшейту
немесе азайту дәрежесі арқылы жүзеге
асады. Ал, оларды нотада арнайы динамикалық белгілермен көрсетеді. Итальян
тіліндегі динамикалық шартты белгілер (таңбалар) мыналар:
Айтылуы (итальянша) |
Жазылуы (таңбасы) |
Мағынасы |
Форте |
f |
Қатты, күшті |
Пиано |
p |
Ақырын, жай |
Меццо-форте |
mf |
Орташа күшпен |
Меццо-пиано |
mp |
Ақырындау |
Фортиссимо |
ff |
Қатты,өте күшті |
Пианиссимо |
pp |
Өте ақырын, жай |
Крещендо |
|
Бірте-бірте күшейту |
Деминэндо |
|
Бірте-бірте бәсеңдету |
Сфорцандо |
Sf |
Кенеттен қатты ойнау |
Тәжірбиелік жұмыс: Е.Брусиловский
«Алтынай». Бұл күйді жай екпіннен
бастап, динамикалық белгілерді қолдану және әрі қарай тез екпінде ойнау. Оқушының екі қолының қойылымын, дыбыс
тазалығын, ысқышты түзу жүргізуін қадағалау.
IV. Сабақты бекіту және қорытындылау:
Оқушыға өткен
тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап алу.
Оқушының білімін бағалау:
Үйге тапсырма: Шығарманы орташа екпінде, дыбыстарды таза анық санап,
динамикалық белгілерді қолдана ойнау.