Текст
Ұлы Жеңіске – 76 жыл. Ұрпақтың бейбіт өмірі мен еркіндігі үшін күрескен жандар. Ұлы Отан соғысы жылдары майданға 70 мыңнан астам солтүстікқазақстандық аттанды. Фашистерге қарсы шайқастарда ержүрек жауынгерлердің басым бөлігі қаза тапты. Елге оралған теріскейлік ардагерлердің бүгінде 27-сінің көзі тірі.