Текст
Ұйымдар тізімі
25.11.2025
25.11.2025 эстрадалық вокал пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: «Дикциямен жұмыс жасау». Оқытушы: Имангалиева Самал Каиргельдыкызы.
24.11.2025
22 қараша күні Көкшетау қаласында өткен “Super Star Fest” халықаралық байқауында эстрадалық вокал номинациясы бойынша Кровякова Алина мен Арыстан Әдемі 10–13 жас санатында І орын иегері атанды! Сонымен қатар, оқытушы Бекенова Амира Сабитовна оқушыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін алғыс хатымен марапатталды.
14.11.2025
Көкшетау қаласында өткен Аридаш Хамзина атындағы «Әлем әнмен ажарлы» IV облыстық жас әншілер байқау-фестиваліне қатысып, ерекше өнер көрсеткендері үшін Талғат Мөлдір мен Бәкей Нұрдана III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқытушысы: Қажыгалиева Гүлнафис Башариновна. ________________________________________
13.11.2025
13.11.2025 Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған Бәйтерек филиалында «Конституцияға 30 жыл: тарих және деректер» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Ата Заңымыздың мән-маңызын түсіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және еліміздің тарихына, тәуелсіздігіне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Жауаптылар: Төлешбаева А.М., Шынжанов М.Ж.
13.11.2025
2025 жылдың 12 қарашасында Балалар музыка мектебінің акт залында жалпы мектептік ата- аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқу мен тәрбиеге қатысты мәселелер және болашаққа арналған жоспарлар талқыланды.
07.11.2025
06.11.2025 фортепиано пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: «Применение легато, нон легато, стаккато в произведениях». Оқытушы: Бахытбек Альмира.
04.11.2025
30 қазан күні сағат 10:00-де өткен педагогикалық кеңесте оқу-тәрбие процесіне және сабақтардың ұйымдастырылуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
28.10.2025
2025 жылдың 25 қазан күні Щучье қаласында өткен «Ламия» Халықаралық байқауында «Қорқыт сазы» қобызшылар ансамблі, сондай- ақ жеке орындаушылар Амирова Айгерим және Уразбаева Жанель жоғары I орынға и болды! Оқытушылары: Карабекова Акерке Жанатлековна, Беккожина Айгерим Суйнбаевна.
08.10.2025
Зеренді ауданының білім бөлімінің басшысы атынан Имангалиева Самал Кайыргелдыкызы білім саласындағы жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі мен еңбектегі табыстары үшін алғыс хатымен марапатталды.
08.10.2025
Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары, кәсіби шеберлігі мен педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін мектебіміздің директоры Молдабаева Гульшат Башариновна Ақмола облысы білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.


25.11.2025 эстрадалық вокал пәнінен...