Текст
Ұйымдар тізімі
21.03.2024
23 наурыз- Тазару. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция .
21.03.2024
22 наурыз «Жыл басы» деп аталады. Балалар музыка мектебінде «Армысың, әз Наурыз» мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарламада музыка мектебінің оқушылары өз өнерлерін көрсетіп қана қоймай,салт- дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық ойындар ойнады.
21.03.2024
Наурыз мерекесіне орай балалар музыка мектебінің директоры Молдабаева Гульшат Башариновна және қобыз сыныбының оқытушысы Карабекова Ақерке Жанатлековна құттықтау сөздерін жолдады.
20.03.2024
20 наурыз- Ұлттық спорт күні. Ұлттық спорт дегенде- ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Асық ойындары- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдыққа, байсалдыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды.Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да , өмірде де көздеген мақсатынан шыға бермейді. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған. Жауапты: Озатбекұлы Еламан.
19.03.2024
Жылдық жоспар бойынша Зеренді балалар музыка мектебінде техникалық емтихан өткізілді. Жауапты: Шынжанов М.Ж; Шарипов К.А; Карабекова А.Ж; Ахметова Г.М; Беккожина А.С.
19.03.2024
Жылдық жоспар бойынша Ақадыр, Шағалалы, Қанай би, Бәйтерек филиалдарында техникалық емтихан өткізілді. Жауапты: Солтанбек Н; Тынысбек Ж; Оразалы А; Шаймерденова А.Б.
19.03.2024
19 наурыз – Жаңару күні. Наурыз мерекесіне орай Ақадыр филиалының оқытушысы Солтанбек Нурбек «Наурыз- береке, Наурыз -мереке!» атты іс-шара өткізді. Мереке өте жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар Наурыз мерекесіне арнап, мерекелік дастархан дайындап, баталарын беріп, мерекемен құттықтады.
19.03.2024
18 Наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүдігіне ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдерге ерекше назар аудару.
19.03.2024
Наурызнама кестесі бойынша 17 наурыз- Шаңырақ күні. Әрбір шаңыраққа береке, амандық, бірлік пен қуаныш,құт береке, бақыт пен молшылық тілейміз! Наурыз батасы- негізінен таң шапағы атқанда, жұрт жиналып ақсақалдан бата сұрағанда берілген. Ақсақалдарымыздың Наурыз батасы әдетте «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» деп елге, жерге де беріліп жатады. Балалар музыка мектебінің ардагерінің Серікбаев Талапбек Даниярұлының батасын қабыл алыңыздар!
19.03.2024
16 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт- дәстүр күні» деп аталады. Бұл күнді өнер мен ұлттық құндылықтарды, мәдениетті насихаттауға арнау ұсынылады. Мектебімізде «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты іс-шара өткізілді. Жауапты: Имангалиева Самал Каиргельдыкызы.


23 наурыз- Тазару. Наурызнаманың...